×

Зеленский енді Қырым туралы айта бастады

Украинаның туы Ялта мен Судакта, Джанко мен Евпаторияда желбірейді

 Дастан Жұмабекұлы 14.06.2022 | 15:03
фото: euronews.com

Украина президенті Владимир Зеленский халыққа кезекті үндеуін жолдады.

Ол Ресей әскерінен уақытша басып алынған Украинаның жерлерінің түптің-түбінде қайтарылатынын айтты.

Украинаның басып алынған жерлерінде тұратын азаматтарымыздың бәріне Отанымыз басқыншылардан азат етілетінін айтыңыздар. Біз Украинаның жерлерін міндетті түрде қайтарып аламыз.  Донецк, Луганск, Харьков облыстарында Украинаның туы көк аспанда желбірейді. Мұны Кирилловка, Геническ, Бердянск, Мангуш, Горловкадағы отандастарымыз да біліп жүрсін. Украина әскері міндетті түрде келеді. Әрине, біз Қырымды да босатамыз. Украинаның туы Ялта мен Судакта, Джанко мен Евпаторияның аспанына көтеріледі, - деді ол.

Одан әрі ол Қырымды Ресейден азат етіп алғанға дейін онда басқыншылар тыныш ұйықтамайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23