Зеленский енді Қырым туралы айта бастады
Украинаның туы Ялта мен Судакта, Джанко мен Евпаторияда желбірейді
Украина президенті Владимир Зеленский халыққа кезекті үндеуін жолдады.
Ол Ресей әскерінен уақытша басып алынған Украинаның жерлерінің түптің-түбінде қайтарылатынын айтты.
Украинаның басып алынған жерлерінде тұратын азаматтарымыздың бәріне Отанымыз басқыншылардан азат етілетінін айтыңыздар. Біз Украинаның жерлерін міндетті түрде қайтарып аламыз. Донецк, Луганск, Харьков облыстарында Украинаның туы көк аспанда желбірейді. Мұны Кирилловка, Геническ, Бердянск, Мангуш, Горловкадағы отандастарымыз да біліп жүрсін. Украина әскері міндетті түрде келеді. Әрине, біз Қырымды да босатамыз. Украинаның туы Ялта мен Судакта, Джанко мен Евпаторияның аспанына көтеріледі, - деді ол.
Одан әрі ол Қырымды Ресейден азат етіп алғанға дейін онда басқыншылар тыныш ұйықтамайтынын айтты.