«Борат» қазақ елін тағы да мұқата сөйледі (ВИДЕО)

Халық үні

Қазақстанда KFC тауық емес, мысық етінен жасалады деп қылжақтады

фото: Rosetta

Саша Барон Коэн журналист Джимми Фэллонның шоуында Борат кейпіне еніп, қазақстандықтарды тағы ашуландырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл жолы ол Қазақстанда KFC тауық емес, мысық етінен жасалады деп қылжақтады. Сондай-ақ қазақ елін ит пен мысық етін қуырып үйренген деп мұқатты.

Онымен қоймаған Саша Барон Коэн АҚШ вице-президенті Камала Харриске «еврейге тұрмысқа шыққан қара нәсілді әйел» болғандықтан Қазақстанға бармауы керектігін «ескертті». Айтуынша, «бұл елде қиындықтар тудыруы және оны осы үшін ұрып кетуі мүмкін».

Әрине, қазақстандықтар мұндай қылжақты орынсыз және тұтас елімізді қорлау деп қабылдады.

Еске сала кетсек, 2006 жылы даулы фильмі шыққаннан бастап, «Борат» образы шетелдіктердің Қазақстан туралы ойын өзгерткен еді. Ал қазақстандықтар оған қатысты наразылықтарын бірнеше рет білдірсе де нәтиже жоқ.