Болгар көріпкелінің көптеген болжамы орындалған
Әлемдегі ең танымал екі көріпкел – болгарлық Ванга және француз астрологы Нострадамус әртүрлі дәуірде өмір сүргеніне қарамастан, 2025 жылы Еуропада соғыс болады деп бірдей болжам жасаған. Бұл туралы британдық Daily Mail порталы жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әлемдегі ең атышулы және қорқынышты екі мистик 2025 жылға бірдей болжам жасады. Нострадамус та, Ванга да келесі жылы Еуропада соғыс болады деп мәлімдеген, - деп жазды басылым.
XVI ғасырда өмір сүрген француз астрологы және дәрігер 2025 жылы «Еуропа жерлері қатыгез соғыстарға қатысады» деп болжап, «ежелгі оба жаулардан да жаман болады» деген.
Сондай-ақ Ванга да Еуропадағы 2025 жылы болуы мүмкін қақтығысқа алаңдаушылық білдірді, ол континент тұрғындарын «қиратады» дейді.
Айта кетсек, Ванга 1911 жылы 31 қаңтарда қазіргі Солтүстік Македония Республикасының аумағында, Струмицада дүниеге келген. Ол 12 жасында дауылдың салдарынан су қараңғы соқыр болып қалып, «болашақты көру» қабілеті дарыған. Содан кейін көріпкел 5079 жылға дейін көптеген болжам қалдырды.
Басылымның жазуынша, 1996 жылы қайтыс болған болгар көріпкелінің көптеген болжамы орындалған. Мысалы, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс, Нью-Йорктегі 11 қыркүйектегі шабуылдар, коронавирустық пандемия және Чернобыль апаты.