Путин Трамптың Украинадағы қақтығысты реттейтініне сенім білдірді
Сондай-ақ оның бұрын «Мәскеуге соққы беремін» деп айтқаны есінде жоқ екенін жеткізді
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың бұрынғы президенті, Республикалық партияның кандидаты Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты реттегісі келетіні туралы сөзін шынайы деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жақында Трамп мырзаның айтқаны, менің естігенім – ол Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін бәрін істейтінін мәлімдеді. Ол мұны шын жүректен айтқан сияқты. Мұндай мәлімдемені кім жасағанына қарамастан, біз, әрине, құптаймыз, - деді Путин БРИКС саммитінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ Ресей президенті Трамптың бұрынғы сұхбатында «Мәскеуге соққы беремін» деп айтқан сөзі есінде жоқ екенін жеткізді.
Ресейді қорқытудың мәні жоқ, өйткені бұл бізді тек қана қуаттандырады, - деді Владимир Путин.
Еске сала кетсек, Дональд Трамп сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Украинадағы жанжалды реттеуге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген еді.
Президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін көп ұзамай Ресей мен Украина арасындағы осы қорқынышты соғысты реттеймін. Мен – «үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын аламын» деп мәлімдей алатын жалғыз адаммын, - деді ол Мичиганда сөйлеген сөзінде.