×

«Елімізде орташа жалақы 285 мың теңге екеніне сенемін – Ұлттық экономика министрі

Кейбір адамдар 1 млн теңге жалақы алады

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2022 | 17:09
коллаж: Halyq Uni

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізде орташа жалақының 285 мың теңге екеніне сенетінін айтты.

Ол Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне берген шағын сұхбатында осылай деді.   

Ulysmedia.kz-тің хабарлауынша, журналист Мәдина Жатқанбаеваның «Біздің елімізде орташа жалақы неше теңге?» деген сұрағына министр: «Статистика бойынша 285 мыңдай ма солай. Айлық! 2022 жылғы сәуір айы бойынша», — деп жауап берді.

«Соған сенесіз бе?» деген сұраққа министр: «Мен сенемін. Бұл сұраққа бірнеше рет жауап бердім. Орташа айлық. Қазақстанда әрине, әртүрлі лауазымдар бар. Әртүрлі жұмыстар бар. Кейбір адамдар 1 млн теңге жалақы алады. Кейбірі одан аз алады. Жалпы, орташа айлық - 285 мың теңге», — деді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама