×

«Ресей әскері қырылып қалуы мүмкін»: Зеленский ескертеді

Басқыншылар ит-құсқа жем болып жатыр 

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2022 | 16:38
фото: lenta.ru

Шілде айының соңына дейін Украинада Ресейдің қаза тапқан жауынгерлерінің саны 40 мыңға жетуі мүмкін.

Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

«Ресей Донбасқа резервтегі күштерін әкелуді ойластырып жатыр. Оларда қазір қандай резерв болуы мүмкін? Яғни, олар майданға жасырын мобилизация арқылы жиналған дайындығы нашар жауынгерлерді жібергісі келеді. Бұл нені көрсетеді? Бұл Ресей генералдарының сарбаздардың өміріне еш мән бермей, адам саны мен техника тұрғысынан басымдыққа ие болу үшін әрекет етіп жатқанын көрсетеді. Мұның соңы басқыншылардың адам айтқысыз қазасына әкеледі», - деді ол.

Қазір Северодонецк, Бахмут, Славянск пен тағы басқа қалаларда кескілескен шайқас болып жатыр. Северодонецк қаласының үштен бір бөлігі Украина күштерінің бақылауында.

Украина президенті кеңсесінің басшысы кеңесшісі Алексей Арестович те Ресейдің Донбасқа дайындығы нашар резервтегі күштерін жұмылдыруды жоспарлап жатқанын ескертті. Ол Кремльдің Украинада қаза тапқан сарбаздарының санын азайтып көрсетіп отырғанын айтты.

«Қазір Украинаның даласында Ресейдің 10 мыңнан астам жауынгерін қалған. Олар ит-құсқа жем болып жатыр», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама