×

«Француз тілінде сөйлеп тұрсың ба?»: Черчесов қазақша сұраққа тағы да шамданды (ВИДЕО)

Бұл сұрақ па, жоқ, басқа ма? – деп мысқылдап отыр

 Халық үні 15.10.2024 | 08:30
фото: championat.com

Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Станислав Черчесов баспасөз мәслихатында өзіне қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні тағы келемеждеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Словения мен Қазақстан құрамасы арасындағы матчтан кейін журналистердің бірі бас бапкерге қазақ тілінде сұрақ қойған еді. Ал бапкер оның сұрағына кекесін жауап қатты.

Сен қазір француз тілінде сөйлеп тұрсың ба? Бұл сұрақ па, жоқ, басқа ма? – деген бас бапкер «Париж» деп және тағы фарнцуз тілінде бірнеше сөз айтып, мысқылдады.

Айта кетейік, бұған дейін де Черчесов өзіне қазақша сұрақ қойылғанына шағымданған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама