Ол әуелі өз ана тілімізге құрмет көрсету керектігін айтты
Әлеуметтік желіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың жұмысқа кірісер алдында жиналыста әкімдік қызметкерлеріне ескерту жасағаны туралы мәлімет тарап жатыр.
Онда облыс әкімі жергілікті шенеуніктерге мемлекеттік тілге құрметпен қарап, орысша емес, алдымен өз ана тілімізде сөйлеуді ескерткені жазылған.
«Жетісу облысының жаңа әкімі Бейбіт Исабаевтың өнегесі қазақ елінің өзге әкімдеріне жұғысты болсын!», «Көсегесі көгерсін! Тілді қадірлеген азаматты елі қадірлейді! Жақсының жақсылығын жариялаған жөн!»,
«Алғашқы қадамы керемет бопты,әртістік боп кетпесе!», «Солай болуы керек. Жарайсың, Бейбіт курстас!», «Жаңа облысқа жаңа ғана Әкім болып барды. Іс нәтижесін әрекет көрсетеді. Сондықтан алдын ала сәуегейлік танытып, аяқтан шалмаған жөн! Кейбір кертартпа жазбаны оқып, осылай айтуға тура келді!», «Жақсының жақсылығын айт- нұры тасысын! Жараған екен!...» десе, тағы бір Серхан Смаханұлы деген желіні қолданушы Бейбіт Исабаевқа жыр арнаған екен.