×

Картоптың денсаулыққа пайдасы зор - зерттеу нәтижесі

Ең пайдалы қасиеттері бұқтырып пісіргенде сақталады

 Халық үні 13.10.2024 | 22:43
фото: sushimag.com.ua

РОСБИОТЕХ университетінің биотехнология және биоорганикалық синтез өнімдері технологиясы кафедрасының меңгерушісі Дмитрий Куликов картоптың кішкентай порциясында С дәруменінің тәуліктік нормасының 30 пайызына дейінгі мөлшері бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Halyq Uni Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Сондай-ақ бұл көкөніс түрі В тобының дәрумендерін, ақуыздың синтезі мен кальцийдің сіңуіне қажетті К дәруменін, темір мен жүрек үшін маңызды калийді қамтиды. Картопта нуклеин және амин қышқылдары бар, табиғи қанттарға толы.

Бұл өнімді тұтыну жұмыс қабілетін және төзімділікті арттырады. Оның құрамындағы А, В және С дәрумендері коллагеннің түзілуіне оң әсер етіп, қартаю үдерісін баяулатады. Ал Е дәрумені тері астындағы тіндерге оттегінің жеткізілуіне көмектеседі. Ғалым картоп шырынынан жасалған маскалар, компрестер немесе денені сүрту тері жағдайына жақсы әсер ететінін де атап өтті.

Жаңа сығылған картоп шырыны зәр айдағыш, жараны жазатын және ангинаға қарсы әсерге ие. Ол ағзадан уыттарды шығаруға көмектеседі. Асқазан-ішек жолдарының, бауырдың және эндокриндік жүйенің жұмысын жақсартады. Қан қысымын төмендетеді, ісікті жояды, зат алмасуды тездетеді және иммунитетті нығайтады.

Картоптың пайдалы қасиеттерін сақтау үшін оны дұрыс дайындау маңызды. Ғалымның айтуынша, ең пайдалы қасиеттері бұқтырып пісірген кезде сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама