ҚазҰУ жатақханасында тарақан мен тышқан өріп кеткен бе? (ВИДЕО)

Халық үні

Бұл жайтқа қатысты университет басшылығы қысқаша жауап берді

фото: cool-readers.ru

Әлеуметтік желілерге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі №17 жатақхана ішінің тозып кеткені түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кадрдан еденде өріп жүрген тышқан мен тарақандарды байқауға болады. Сондай-ақ ол видео жазбасында жатақханадағы екі адамға арналған бөлмеде 3-4 студенттің тұрып жатқаны атап көрсетілген.

Тіпті жоғары курс студенттері билігін асыра пайдаланып, өзінен кіші курс студенттеріне әлімжеттік көрсетеді. Қолынан сүйгізіп, телефондарын алып кетіп, бір-бірімен төбелестіреді. Ал университет басшылығы бұл мәселелерге мән бермей отыр, – деп жазған видео авторы.

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі университет басшылығына сұрау салған. Ал олар аталған уәждің бәрін жоққа шығарып отыр.

Бүгінге дейін студенттерден ешқандай шағым түскен жоқ. Жатақханадағы әлімжеттік туралы ақпарат та жалған, – делінген хабарламада.