Ресей аумағына әскер кіргізген Зеленский «жеңіс жоспарының» бірінші тармағын атады
Мәскеу жаңа аймақтары аумағынан украин әскерлері шығарылса, өздерінің дереу атысты тоқтататындарын уәде етті
«Украина-Оңтүстік-Шығыс Еуропа» саммитінде Владимир Зеленский Украинаны Солтүстік Атлантикалық альянсқа шақыруды өзінің «жеңіс жоспарының» бірінші тармағы деп атады. Бұл туралы Strana.ua өзінің Telegram арнасына жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бізді НАТО-ға қосылуға шақыру және Украинаның болашақтағы альянсқа мүшелігі бейбітшілікке бағытталған нақты қадам болар еді, - деді Зеленский.
Ал Ресей президенті Владимир Путин Украинаның НАТО-ға мүше болуы Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеді. Ол «арнайы әскери операцияның» басталуына Киевтің альянсқа қосылу қаупі себеп болғанын баса айтты.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей әскері Украинаға басып кірген еді. Путин сонда ондағы мақсат «8 жыл бойы Киев режимі тарапынан зорлық-зомбылық пен геноцидке ұшыраған адамдарды қорғау» екенін айтты. Сол үшін Ресей президенті «Украинаны демилитаризациялау және денацификациялауды» іске асыру және Донбасста «бейбіт тұрғындарға қарсы қанды қылмыстарға» жауапты барлық «әскери қылмыскерді» жауапқа тарту жоспарланғанын ескертті.
Ал 2024 жылдың қыркүйегінде Владимир Путин егер Украина келіссөздер жүргізуге ниет білдірсе, Ресей бас тартпайтынын, бірақ мұндай келіссөздер Ыстамбұлда жазылған келісімдер негізінде жүргізілетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтары аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтататындарын және өздерінің келіссөздерге дайын екендерін жариялады.
Ең бастысы, Путин әлі де Киевтің НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын қалайды.