Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық әйел ұлынан мардымсыз жалақыға бола елге қайтпауды сұрады

Француз, орыс, ағылшын, қазақ тілін біліп тұрып, мұнда мардымсыз жалақыға жегілуге не үшін оралуы керек? - дейді ол

 Халық үні 04.10.2024 | 23:39
Қазақстандық әйел ұлынан мардымсыз жалақыға бола елге қайтпауды сұрады
коллаж: orda.kz

Қазақстандық әйел әлеуметтік желіде кең тараған бейнежазбада ұлына Франция университетін тәмамдаған соң Отанына оралмауға кеңес берді. Бұл бейнежазба тез тарап, желі қолданушылары қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Өзінің айтуынша, ол ұлына ондай кеңесті «мардымсыз жалақыға, тамыр-таныспен және мамандығы бойынша емес жұмыс істемесін» деген ниетпен берген.

Бүгін менің ұлым Францияда бакалавр дипломын қорғады. Бұған жету бізге оңай болмады. Оған да, бізге де қиын болды. Оны тіпті Макдональдсқа жұмысқа алмады. Жұмыс беруден бас тартқандар қажетті білігі жоқ екенін айтты. Ол мамандығы бойынша жұмыс тапқанда біз ипотекамызды төлегендей жеңілдеп қалдық. Салыстырып қарасақ, бұл Қазақстан ЖОО-ларының оқу ақысын төлегеннен де арзан болды. Француз, орыс, ағылшын, қазақ тілін біліп тұрып, мұнда мардымсыз жалақыға жегілуге не үшін оралуы керек? Таныс іздеп не керек? Қайдағы бір «ағашканың» артынан тиын-тебен жинап жүрсін бе? Өздеріңіз шешіңіздер, – деді әйел.

Бұл кеңес желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бір тарап туған жерге адалдық танытып, қайта оралу керек десе, екіншілері адам жақсы өмір сүруі керек екенін айтып, елдегі әлеуметтік жағдай мен «таныс-тамыр» арқасында жұмысқа тұруды сынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама