Halyq Uni логотип
×

СІМ Судандағы әуе шабуылына қатысты мәлімдеме жасады

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі оқиға туралы пікірін білдірді

 Қымбат Елтайқызы 01.10.2024 | 16:47
СІМ Судандағы әуе шабуылына қатысты мәлімдеме жасады
фото: ҚР СІМ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің Судандағы дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына әуе шабуылына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҚР СІМ 2024 жылғы 29 қыркүйекте Судан астанасы Хартумдағы Біріккен Араб Әмірліктері дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына жасалған әуе шабуылын қатаң айыптайды. Дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санаймыз, – деп қосты ведомство.

Мұндай әрекеттер 1961 жылғы Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 22-бабында кепілдік берілген дипломатиялық өкілдіктерге қол сұғылмаушылық негізгі қағидасын бұзады және барлық қатысы бар тұлғалардың жауапкершілікке тартылуымен толық тергеу жүргізуді талап етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама