Halyq Uni логотип
×

Балалар суициді: Бас прокурор әр фактіні тергеуді ерекше бақылауды тапсырды

Елімізде жастар арасында өз-өзіне қол салу фактілері жиіледі

 Қымбат Елтайқызы 01.10.2024 | 11:15
Балалар суициді: Бас прокурор әр фактіні тергеуді ерекше бақылауды тапсырды
фото: HALYQSTAN

Бас прокурор Берік Асылов прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парағында.

Айта кетсек, соңғы бір-екі айда Қазақстанда балалар және жастардың өз-өзіне қол салу фактілері жиіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама