Алдымен адамның қай органы қартаяды - маман жауабы

Халық үні

Оған өмір салты, экономикалық, тұрмыстық жағдайлар, тамақтану әдеттері әсер етеді

фото: qasym.buketov.edu.kz

Адам қартайғанда өмірге қабілеттілік төмендейді. Ол ағзаның бүкіл жүйесіне әсер етеді. Бұл туралы невролог, нейрофизиолог, геронтолог Валерий Новоселов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni Pravda.Ru-ға сілтеме жасап.

Ағза әртүрлі тәсілдермен, гериатриялық түрде қартаяды. Мысалы, бір адамда алдымен орталық жүйке жүйесі, екіншісінде жүрек-тамыр жүйесі, үшіншісінде тірек-қимыл жүйесі қартайып, бұлшық ет зардап шегеді. Ал бұл өмірге қабілеттіліктің төмендеуінен көрінеді, – деді дәрігер.

Оның айтуынша, қартаю әр адамда жеке жүреді. Оған өмір салты, экономикалық, тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тамақтану әдеттері әсер етеді.

Сондай-ақ дәрігер өмір салтын қартайған кезде емес, жас кезде дұрыстау керектігін айтты.