Алдымен адамның қай органы қартаяды - маман жауабы
Оған өмір салты, экономикалық, тұрмыстық жағдайлар, тамақтану әдеттері әсер етеді
Адам қартайғанда өмірге қабілеттілік төмендейді. Ол ағзаның бүкіл жүйесіне әсер етеді. Бұл туралы невролог, нейрофизиолог, геронтолог Валерий Новоселов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni Pravda.Ru-ға сілтеме жасап.
Ағза әртүрлі тәсілдермен, гериатриялық түрде қартаяды. Мысалы, бір адамда алдымен орталық жүйке жүйесі, екіншісінде жүрек-тамыр жүйесі, үшіншісінде тірек-қимыл жүйесі қартайып, бұлшық ет зардап шегеді. Ал бұл өмірге қабілеттіліктің төмендеуінен көрінеді, – деді дәрігер.
Оның айтуынша, қартаю әр адамда жеке жүреді. Оған өмір салты, экономикалық, тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тамақтану әдеттері әсер етеді.
Сондай-ақ дәрігер өмір салтын қартайған кезде емес, жас кезде дұрыстау керектігін айтты.