Halyq Uni логотип
×

«Оларды ату керек» - Астана қаласы әкімінің орынбасары

Мәслихат сессиясында жергілікті шенеуніктер саябақтарға тасжол салмау керектігін айтты

 Халық үні 25.09.2024 | 20:37
«Оларды ату керек» - Астана қаласы әкімінің орынбасары
фото: youtube.com

Астана қалалық мәслихатының депутаттары елорданың саябақтары мен скверлеріне төселген тасжол қоюдан бас тартуды ұсынды. Айтуларынша, табиғи құм жол адамдардың жүріп, жүгіруіне әрі самокат тебетіндерге кедергі болады, - деп хабарлайды Halyq Uni Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін мәслихат сессиясында депутат Абзал Сағымбаев қалалық саябақтар мен скверлердегі жолдарды абаттандыру жөнінде ұсыныс жасады.

Міне, бүкіл қала осы тасжолдарға толды. Орманды алқаптары мен серуендеуге арналған жолдары бар саябақтарда жолды табиғи түрде жасауға болады. Яғни, дренаж, мембрана жасап, үстіне топырақ төсеу керек. Сонда біраз қаражат үнемделеді. Өйткені қаламызда тасжол төсеуге үлкен сомада ақша кетеді, - деді депутат.

Оның айтуынша, мұндай жолдың бірден-бір артықшылығы – велосипедшілер мен самокат айдаушылар өте алмайды.

Бұл жолдың артықшылығы неде? Оған жүргенде немесе жүгіргенде табан табиғи жерге басылады. Яғни, аяғыңа соққы тимейді, соққы жүктемесі жоқ. Екіншіден, велосипедшілер мен самокат айдаушылар бұл жолмен жүре алмайды. Құммен жүре алмайтындықтан, олар үшін бұл – табиғи кедергі, - деп атап өтті Абзал Сағымбаев.

Сондай-ақ ол бұл әдістің Еуропа, Жапония және Кореяда белсенді түрде қолданылатынын алға тартты. Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов ол ұсыныстың шынымен де самокат айдаушыларға кедергі болатынына келісті.

Шынында да. Содан кейін самокат айдаушылардың іздерін қалай өшіретінімізді ойлаймыз. Бізде сондай мәселе бар. Тас жолдардан олардың іздерін қалай жуып жүрміз? - деді Нұрлан Нұркенов.

Осы орайда залда отырғандардың бірі «Самокатқа тыйым салу керек!» деп айғайлады.

Оларды ату керек, - деп әзілдеді әкімнің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама