×

Қызын пышақтаған ана қалған балаларын тәрбиелеуден шеттетілді

Оқиға Солтүсік Қазақстанда болған еді

 Қымбат Елтайқызы 19.09.2024 | 10:05
фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Алдағы уақытта психологиялық көмек көрсетіледі. Білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мен әкімдік ананы қалған балаларын үйде тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді комитет.

Бұған дейін СҚО-да үй тапсырмасын орындамаған 11 жастағы қызды анасы пышақтап тастағаны жайлы жазған едік. Өз анасының қолынан зардап шеккен қыз үйдегі 6 баланың бірі екен. Бәрі бір шаңырақтың астында ата-әжелерімен бірге тұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама