Жаңаөзеннің проблемаларын билік қатты бас ауыртып шешпесе, күннен-күнге қабына береді
Жаңаөзенді назардан тыс қалдыруға болмайды. Себебі Қазақстанның тыныштығы Жаңаөзенге тікелей байланысты. Қаңтар оқиғасына да оған дәлел. Сондықтан Үкімет бұл аймақтың мәселесін шешуге бел сыбана кірісуі керек. Бұл туралы ақын Светқали Нұржан «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұқбатында айтты.
Жаңаөзен тыныш болуы тиіс. Баяғы әулиелердің сөзі бар: «Ауғанстан дүниенің жүрегі. Ауғанстан тыныш болса әлем тыныш» деген. Сол сияқты біздің Қазақстанның жағдайы – Жаңаөзен жүрегі болып тұр. Жаңаөзеннің проблемаларын билік қатты бас ауыртып шешпесе, күннен-күнге қабына береді. Түбегейлі өзгерістер жасау керек. Бұл менің жаныма бататын дүние. Жаңаөзен десе қатты қиналамын. Тағы да ушығып кетпей, халық тұншықпай тұрғанда дұрыс бір бағытын табайық. Шұрайлы, суы бар жерлерге ондағы халықты сейілту керек. Бұрын мұнайдың үстінен саламыз деп орнатылған жұмысшылардың жері ғой. Бар болғаны 60 мың адамды ғана қамтамасыз ете алатын дала, - дейді ақын.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Сұрауы бар» YouTube арнасынан көріңіздер.