Ол тың деректер жеткізді
Бұған дейін БАҚ-та Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Жанар Өтешева сенімді жоғалту салдарынан қызметінен босатылды деген ақпарат тараған еді. Біраз уақыт өткеннен кейін Өтешева тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Бүгін мен үшін ҰОК тарауы жабылды. 13 қыркүйекте мен ресми түрде бас хатшы лауазымынан өз еркіммен кеттім», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парағында.
Бірден айта кетейін, БАҚ беттерінде осыған дейін өзім құрған дереккөзге сүйене отыра, сенсация ретінде таратқан «қызметінен босатылды» деген жаңалықтары шындыққа жанаспайтын еді. Заңгерлер маған өз атымды қорғауым үшін сотқа жүгінуге кеңес берген болатын. Алайда менің атым, ниетім мен ар-намысым таза және қорғауды талап етпейтініне сенімді болғандықтан мұндай ұсыныстан бас тарттым.
Мен өз қалауыммен кеттім. Өз шарттарым бойынша, өтемақысыз, үнсіз қалу міндеттемесінсіз және ертең жалған жымиюды талап етпейтін жағдайда бір бөлімнің есігін жаптым. Жер домалақ. Алдымызда бізді қаншама дүние күтіп тұр. Тамыздан бері маған бірнеше ұсыныс түсті, соның ішінде басқа елдерден де келген ұсыныстар бар. Бірақ Қазақстаннан артық ешбірі жақын бола алмайды. Дегенмен, алдағы уақытта не болатынын кейінірек шешемін, – деп қосты бұрынғы бас хатшы.
Бұған дейін Жанар Өтешева спортшылардың Олимпиададағы нәтижесі мен ҰОК жұмысы жайлы бірнеше мәлімдеме жасаған болатын.