×

Бас төреші қырғыз көкпаршыларының ойыннан 2-3 жылға шеттетілетінін айтты

Марапаттау сәтінде де олардың мерзімінен бұрын кетіп қалғаны – мәдениетсіздік, - деді ол

 Халық үні 13.09.2024 | 22:41
фото: worldnomadgames.kz

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар спортындағы жайтқа байланысты бас төреші Тастанбек Есентаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның айтуынша, көкпардағы ереже бұзылған сәт он мәрте қаралған.

Ойынның ішінде қамшымен ұрдық дегенді көрмедік. Бірақ бұл жайт ойыннан тыс уақытта болды. Қырғыздардың басты талабы – біздің ойыншыны қызыл қағазбен шеттету еді. Бірақ біздің ережеде ондай көрсетілмегендіктен, 2 минут алаңнан шығардық. Ары қарай бәсеке таза өтті деп ойлаймын. Екі команда да мықты. Төрешілер тарапынан ешқандай өрескел қателік болмады, - дейді ол.

Бас төреші Әнұранға құрмет көрсетпеген, мойындарына таққан медельді шешіп, мінез көрсетіп кетіп қалған қырғыздарға нақты шара қолданылатынын да атап өтті.

Барлығын халық көрді. Дұрыс шешім қабылданды. Наразылық марапаттау сәтінде де жалғасып, қырғыз көкпаршылары мерзімінен бұрын кетіп қалды. Бұл – мәдениетсіздік. Осындай жайттар үшін міндетті түрде шара қолданылады. Қырғыз көкпаршылары 2-3 жылға шеттетіледі немесе ақшалай айыппұл салынады. Нақтысын қазір айта алмаймын, - деді Тастанбек Есентаев.

Айта кетсек, финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама