×

Көкпар және көкбөрі: екі ел ойын ережелерін біріздендіруді жоспарлап отыр

Қазақстан құрамасы көкпардан жеңімпаз атанды

 Айгерім Таубай 12.09.2024 | 17:20
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының жеңіске жеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бәсеке жоғары ойын өтті. Көкпар — эмоцияға толы спорт. Спортшылар алтын салымды салды, бұл ауқымды еңбектің арқасы, ұжымның еңбегі. Келешекте екі ел арасындағы ұлттық спорт түрін ереже, спорт түрінің атауын бір жүйеге алып келуіміз керек. Бірінде қазандық, енді бірінде шеңберге тастайды. Келешекте екеуін бір жүйеге келтіру маңызды. Қырғыз тарапымен министрлік деңгейінде бір шешімге келіп жатырмыз, - дейді министр.

Айта кетейік, көкпардан Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды. Қырғызстан құрамасымен алаңға шыққан көкпаршылар 5:4 есебімен жеңіске жетті. 

Спорт болғаннан кейін эмоция болады. Спортшы жеңумен қатар, жеңілісті де қабылдай білуі керек. Ұлттық спорт олимпиада спорт түрінің бірі болуы үшін тәртіп қажет, - дейді министр.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама