Halyq Uni логотип
×

«Психологпен жұмыс істеді»: Ақмарал Науатбектің анасы паралимпиадаға дайындық туралы

Науатбек – паралимпиада ойындарының чемпионы

 Айгерім Таубай 10.09.2024 | 13:30
«Психологпен жұмыс істеді»: Ақмарал Науатбектің анасы паралимпиадаға дайындық туралы
Фото: Спорт комитетінің баспасөз қызметі

Парижде өткен паралимпиада ойындарында дзюдодан 48 келіде чемпион атанған Ақмарал Науатбек физикалық дайындықтан бөлек психологпен жұмыс істеген. Бұл туралы чемпионның анасы Роза Бужігітова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni. 

Ақмарал пара дзюдоға 2021 жылы ауысты. Сол кезден бастап дайындалды. Дайындықты Астана қаласында жүргізген жоқ, ұлттық құрамамен бірге әр қалада жаттықты. Кестесі бойынша дайындық жүргізді. Одан бөлек Паралимпиада ойындарына психологиялық тұрғыдан дайындалды. Психологпен жұмыс істеді. Себебі ойындарға әлемнің ең мықты спортшылары барады. Бәрі техника, физика жағынан мықты. Психология тұрғысынан дайын адам жеңеді, - дейді чемпионның анасы.

Анасының айтуынша, пара спортшылар жеңіске жеткен сайын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жетістікке жетуге дейін сенімі арта түседі.  

Адамды арман жетелейді. Сол қойған мақсатының артынан жүре беруі керек. Пара спортшыларды мүмкіндігі шектеусіз адамдар деп есептеймін. Олар ерлік жасады. Осы жолы да, күнделікті ерлік жасайды. Он екі мүшесі сау болмаса да, жігері, спортқа деген құштарлығы өте мықты болады. Олар жеңіске жеткен сайын, халық, балалар, осындай жағдайдағы азаматтар үміттене бастайды, - дейді Роза Бужігітова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама