QR-кодты бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес
Қазір елімізде цифрлдандыру жұмысы жақсы жолға қойылған. Интернет желісі қосылған жерлер электронды қызметтің барлық түрі қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта елімізде қызмет көрсету түрлерін оңтайландыру жұмыстары бұдан әрі жалғаса береді.
Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Ол баспана алғысы келген адамның бұрынғыдай Халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезекке тұрмай, бірден құрылыс компаниясының кеңсесіне барып, келісімшартты жаса алатынын атап өтті.
Бүгін «BI Group» компаниясының кеңсесінде цифрлық ипотека процесіне куә болдым. Компания өкілдері цифрландырудың клиент уақытын қаншалықты үнемдейтінін көрсетті. Бұл – барлық құрылыс компаниялары үшін керек жұмыс. Қазіргі кезде біздің елде кез келген құрылыс компаниясы осындай сервис арқылы клиенттерді ХҚКО-ға жүгіртпей, кеңселерінде келісімшарт жасай алады, - деді ол.
Ол осы кезге дейін құрылыс компаниясынан баспана алғысы келетін адамның ХҚКО, құрылыс компаниясы мен нотариусқа барыу керек болатынын, енді цифрландырудың арқасында министрлік мұндай ұзақ процесті жеңілдеткенін, былтыр пилоттық жоба аясында «BI Group-пен» бірге қолайлы механизмді іске қостып, бүгін соған өзі куә болғанын атап көрсетті.
Еліімзде цифрландыруды жұмысының жақсы жолға қойылғанын Ресейден Қазақстанға көшіп келген адамдар да айтып, пікірлерін жазып жатыр. Мысалы, Ресейден Алматы қаласына қоныс аударған Екатерина Андрусевич есімді азамат Facebook-те отандастарына Қазақстанда цифрландырудың өте жақсы дамып кеткенін айтты. Ол елімізде цифрландырудың таңғаларлық жағдайда дамып жатқанын, кез келген адам үйден шықпай-ақ, қызметтің барлық түрін пайдалана алатынын атап өтті.
Қазақстанда цифрландыру өте жақсы дамыған. Мысалы, Каспи банктің телефондағы қосымшалары арқылы көп нәрсені үйден шықпай-ақ, дүкенді араламай-ақ сатып алуға болады. Оның қосымшасында мегамаркет, тамақты әкеліп беру, постоматтар арқылы сатып алу, курьердің қызметі мен басқа да толып жатқан қызмет түрлері бар. Ал QR-код дегенді бір сөзбен айтып жеткізе алмаймын. QR-код – өте ыңғайлы, өте тез төлем түрі. Қазақтар күн сайын бір бизнесті аша береді. Сондықтан цифрландыруды өте жақсы үйреніп алған, - деді ол.
Сондай-ақ, ол Қазақстанға осыдан бір ай бұрын көшіп келгенін, қазір Алматы қаласында тұратынын, қаланың өзін Мәскеуден артық көретінін айтқан.