Halyq Uni логотип
×

Тұңғыш президент қоры мемлекет меншігіне қайтарылуы керек - Қажыгелдин

Экс-премьер миллиардтар айналатын қордың жеке меншікке заңсыз өтіп кеткенін айтады

 Айнұр Шошаева 10.06.2022 | 11:53
Тұңғыш президент қоры мемлекет меншігіне қайтарылуы керек -  Қажыгелдин
фото: Нұрсұлтан Назарбаев, Әкежан Қажыгелдин

1994-1997 жылдары Қазақстан премьер-министрі болып, 1998 жылы елден кеткен Әкежан Қажыгелдин «Elmedia» YouTube арнасына берген сұқбатында экономиканы демонопозизациялау жөніндегі комиссия Қазақстанның тұңғыш президенті қорын Үкімет меншігіне қайтару керегін айтты.

«ҚР тұңғыш президенті қорының жағдайы не болады? Британияда жарияланған публикацияға ешкім жауап бермеді, онда барлық оффшорлық институттар мен осы қор арқылы шамамен 9 миллиард доллар өткені туралы нақты жазылды. Бұл ақша біреудің шотында жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев бұл ақшаны елге қайтаруға тиіс деп есептеймін. Ол сонша ақшаны өзі адал еңбекпен тапқан жоқ. Әр жылдары түрлі көздерден түскен ақша», - деді ол.

Экс-премьердің айтуынша, Қор бастапқыда үкіметтік болып, кейін жеке меншікке заңсыз өтіп кеткен.

«Мен осы қордың қаржыландыру көздерін білемін, шамамен 1995-1998 жылар аралығында қайда түскенін көрдім. Бастапқыда Қазақстанның даму қоры деп аталды. Содан кейін Тұңғыш президент қоры деп өзгертілді. Менің ойымша, президент Тоқаевтың жарлығымен құрылған комиссия бұл мәселені шешеді. Назарбаев президент Тоқаевқа барлық материалдарды - Қазақстанның тұңғыш президенті қорын жекеменшік иелігіндегі барлық активтерімен бірге беруге тиіс», - деп қосты Әкежан Қажыгелдин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама