Halyq Uni логотип
×

Украина Ресей аумағына Батыс қаруымен соққы жасай алады - Финляндия президенті

Ал Ресей тарапы олардың «отпен ойнап отырғанын» ескертті

 Халық үні 27.08.2024 | 20:19
Украина Ресей аумағына Батыс қаруымен соққы жасай алады - Финляндия президенті
фото: infosmi.net

Финляндия президенті Александр Стуб Киев Батыс берген қаруды Ресей аумағында қорғаныс мақсатында пайдалана алады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Баспасөз конференциясының трансляциясы Финляндия СІМ YouTube арнасынан көрсетілді.

Бірінші сұраққа нақты жауап берейін, иә, соққы жасай алады, - деді ол журналистің «Киев Ресей аумағына соққы беру үшін Батыс берген қаруды қолдана ала ма?» деген сұрағына.

Президенттің айтуынша, Финляндия қорғаныс мақсатында пайдаланылған жағдайда және халықаралық құқыққа сай болса, өзі берген қарудың қолданылу аясына шектеу қоймаған.

Ал Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген болатын. РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Лавров НАТО елдерінің Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы «отпен ойнап отырғанын» меңзеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама