Halyq Uni логотип
×

Бүйрек ауруының бес белгісін қаперде сақтаңыз – маман кеңесі

Аса білінбейтіні – аяқта шұлықтың резеңкесінен қалатын із

 Халық үні 26.08.2024 | 07:30
Бүйрек ауруының бес белгісін қаперде сақтаңыз – маман кеңесі
фото: vestnic.ru

Әдетте адам бір жері ауыра бастаса денсаулықта кінәрат бар екенін түсініп, қаралуға барады. Алайда бүйректерге келгенде бұл тактика қауіпті. Нефролог Дарья Садовская бүйректің ауыратынын қалай білуге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлер бүйректерге қатысты кінәрат болса да ол ауырмайтынын айтады. Ендеше, бүйрекке көмек керек екенін қалай білуге болады?

Дарья Садовскаяның айтуынша, адамдар жылдар бойы мән бермейтін белгілер бар. Олар өмір сүруіңізге кедергі келтірмейді, бірақ оларды байқаған бойда дәрігерге барып, тексерілу керек.

Маман бүйректер жұмысындағы бұзылысты білдіретін ағзаның 5 белгісін атады. Алайда олардың кейбіреуінің оған қатысы жоқ болуы да мүмкін.

1. Ісіну

Бүйрек ауырғанда дененің әртүрлі бөлігі ісінуі мүмкін. Бірақ жиі бет, соның ішінде қабақ ісінеді. Себебі бұл жерлерде тері өте жіңішке. Олар көріну деңгейі бойынша да әртүрлі болады. Аса білінбейтіні – аяқта шұлықтың резеңкесінен қалатын із. Қатты білінетіні – жүруге кедергі келтіретін ісіну.

2. Асқазан-ішек жолы бұзылысы

Бүйректер жұмысы нашарлай бастағанда ағзаға табиғи жолмен уытты заттар жинала бастайды. Нәтижесінде, ол тәбеттің жоғалуына, жүрек айнуға, құсуға және басқа да ас қорыту бұзылыстарына әкеледі. Сондай-ақ терінің қышуы мүмкін.

3. Қысымның көтерілуі

Жоғары қан қысымы әркез гипертония мен қан тамырлар жайлы айтпайды. Сондай-ақ ол бүйрек ауруының белгісі болуы мүмкін.

4. Анемия

Бүйрек қантүзу жүйесінің жұмысына тікелей қатысады. Бүйректе қандағы гемоглобиннің қалыпты деңгейін қамтамасыз ететін гормон – эритропоэтин түзіледі.

Бүйректегі эритропоэтин синтезінің төмендеуі, егер олардың жұмысы бұзылса, анемияға әкеледі:

  • әлсіздік;
  • тез шаршау;
  • терінің бозаруы;
  • шаштың түсуі;
  • тырнақтың сынғыш болуы.

5. Несеп шығару проблемалары

Кіші дәретке барғанда зәрдің түсі мен консистенциясына мән беру керек. Егер одан көбік, қан, ірің және басқа да қоспалар байқасаңыз, дәрігерге қаралып, анализдер тапсыру керек. Зәр мөлшерінің азаюы мен дәретханаға сирек бару да бүйректер проблемасын білдіруі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама