×

Саяси партиялар облыс әкімдерін партия мүшелігінен шектеуге қарсы

Ал партияның лауазымды тұлағалары өз жұмысын әкімдік жұмыспен бірге жүргізбеуі керек екені президент Жолдауында айтылған

 Еркеғали Болатұлы 09.06.2022 | 16:40
фото: ашық дереккөз

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова облыс әкімдерін саяси партияға мүше болудан шектеу туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселе әлі де талқылануы керек.

Президент Жолдауында партияның лауазымды тұлағалары өз жұмысын әкімдік жұмыспен бірге жүргізбеуі керек деп айтылған. Қазір біз пысықтап жатқан заң жобасында осындай түзетулер қарастырылуда. Бірақ бізде партия ұсынған, партияның мүшесі болып тіркелген әкімдер бар.

Партиялармен осы мәселе бойынша тиісті кездесулер өткізген болатынбыз. Мәселен, қазір әкімнің өз орнын босатуының бір негізі партия құрамынан шығу болып табылады», - дейді Алма Мұқанова.

Бұл ретте Әділет министрлігі партиялардың бұған көзқарасын біліп көрген. Олар әкімдерді өз қатарынан шығаруға қарсы екен.

«Олардың ұстанымы бойынша әкім саяси партияның бағдарламасын пайдаланып шыққан тұлға болып есептеледі. Сондықтан олар әкім партия мүшесі болып қала алуы керек деп есептейді. Ал біз тек өз көзқарасымызбен ғана шешім қабылдай алмаймыз. Саяси партиялардың пікірін осы норманы пысықтау кезінде міндетті түрде ескереміз», - деді вице-министр.

Сондай-ақ «Намыс» партиясын тіркеу мәселесі қаралып жатқаны да айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама