Halyq Uni логотип
×

Лицензиясыз әлемдік криптобиржалар ақша жылыстатудың таптырмас жолы болып отыр – Дәурен Қарашев

Бүгінде елімізде лицензия алған 13 криптобиржа бар

 Ербол Тұрымбет 23.08.2024 | 12:06
Лицензиясыз әлемдік криптобиржалар ақша жылыстатудың таптырмас жолы болып отыр – Дәурен Қарашев
Фото: Halyq Uni

Қазақстан нарығында лицензияланған да, лицензияланбаған да криптобиржалар жұмыс істейді. Лицензияланбаған биржалар қазақстандықтар үшін ақша жылыстатудың таптырмас құралы болып отыр. Бұл туралы Қазақстандық блокчейн-технологиялар мен жасанды инттеллект қауымдастығының басқарма төрағасы Дәурен Қарашев Halyq Uni ютуб-арнасына берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, лицензияланбаған деп отырғанымыз – ең танымал деген биржалар. Олардың лицензия алған жергілікті өкілдігі де бар. Алайда қарапайым қазақстандықтар оның қайсы лицензияланбаған жаһандық, қайсы лицензияланған жергілікті екенін ажыратып жатпайды. Себебі уәкілетті органның, яғни АХҚО-ның сайтында да қай биржаның лицензия алғаны, қайсының алмағаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Мысалы, қарапайым қазақстандық ең танымал деген Bybit-ті тереді. Сосын оның сайты ашылады. Барлығы мемлекеттік тілде жазылып тұр. Лицензия алған екен деген ой туады. Тағы тексеріп көрсеңіз, лицензия алғаны туралы ашық дереккөзде тұр. Негізі Bybit-тің лицензия алғанымен, әлі іске қосылмаған. Яғни, оның жұрт заң тәртібімен жұмыс істейтін ресми сайты жоқ, – дейді ол.

Оның айтуынша, жауапты мемлекеттік органдар алдымен қазақстандық нарықтың мүддесін қорғауы керек еді. Өйткені, олар лицензия алды, сол үшін шығындалды, мемлекеттің барлық талабын орындады. Ал лицензия алмай, біздің заңдарымызды бұзып отырғандарды бұғаттау керек.

Мемлекеттік органдардың немқұрайлығынан халықта жаһандық биржалар туралы дұрыс жұмыс істеп отыр деген жалған түсінік қалыптасатынын былтыр ақпандағы бір сұхбатымда айтып едім. Қазір соны көріп отырмыз. Көптеген қазақстандыққа қылмыстық жауапкершілік төніп тұр. Көпшілігі бұл заңсыздықтан хабарсыз, – дейді Дәурен Қарашев.

Айта кетейік, бүгінде АХҚО-дан лицензия алған 13 криптобиржа бар. Халықаралық ор алықтың Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің сайтында олардың тізімі берілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама