Домбыраны харам деген блогер орамалын шешіп тастауына әлеуметтік желіні «кінәлады»
Кеше TikTok-та кейбір бетін жауып жүргендер қазір «проститутка» болып кетті, - дейді
Көпшілікке әлеуметтік желі арқылы «домбыра – харам, жүрекке кір ұялатады», «пайғамбарды түсімде көрдім» деген сөздерімен танылған Назерке Тілепберген атты блогер енді хиджаб киіп, паранджа оранған қыз-келіншектерге TikTok-та отырмау керектігін ескертті, деп хабарлады Halyq Uni.
Бұрын тақуа едік. Instagram, TikTok дегенге көп кірмейтінмін. Орамалдағы қыздарға айтарым, шығып кетіңдер! Ертең орамалдарыңды шешіп кетесіңдер, мен құсап. Екі жылы ғана жетті маған, шайтанның жұмыс жасауына! Кеше TikTok-та кейбір бетін жауып жүргендер қазір «проститутка» болып кетті... - дейді ол.
Өзі тікелей эфирде қызыл түске бояп алған шашын көрсетіп, өзге намазхандар сияқты «қатты бұзылып кетпегеніне» Құдайға шүкіршілік етіп отыр. Айтуынша, нәпсінің құлы болып кетуге тек әлеуметтік желілер себепші екен.