Қазақ кіммен туысқан? - қытай, жапон ғалымдарының пайымы үйлеспей қалды
Сөйлем құрау жүйесі екі ұлтта бірдей
Қытай ғалымдары қазақты «қалмақ, ұйғыр, қытаймен туыстас, қаны бір» деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Ал жапон ғалымдары басқаша дерек ұсынып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni Democrat.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақ ұлты мен жапон ұлтының туыстық байланысы бар. Оның нақты дәлелі ретінде туған сәбидің жамбасында болатын таңбасын келтіруге болады. Әзірге нақты бір дәлел жоқ. Десек те қазақ пен жапон халқының арасында көптеген ұқсастықтарды былайша да аңғару қиын емес. Мысалы, сөйлем құрау жүйесі екі ұлтта бірдей, - дейді жапон ғалымы Татсуя.
Бұдан бөлек, дәл осындай пайымын басқа да жапон ғалымдары алға тартқан болатын. Ал Жапония премьер-министрінің «Қазақ пен жапон – бауырлас халық» деп мәлімдегені ел есінде.