Алайда өзі «вахабитпін» деп отырған жоқ
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Дарын Мубаров өзіне қатысты бірнеше мәселеге тоқталды, деп хабарлады Halyq Uni Democrat.kz-ке сілтеме жасап.
Өзін «вахабит» дейтіндерге қатысты жауабында Дарын Мубаров мешіт имамының саусағын шошайтып тұрып, «Сен вахабитсің!» дегенін айтады. Алайда өзі «вахабитпін» деп отырған жоқ. Нақты ештеңе айтпай, ол тақырыптағы жауабын сұйылтып та жіберді. Сұхбат барысында журналист әр тараптан сұрақпен қанша қыспаққа алса да сытылып шығып, сыдыртпа жауаппен құтылып отырды.
Мұхамеджан Тазабек, Бекболат Тілеуханға қатысты сұраққа да нақты жауабын бермеген Дарын Мубаров журналистің өзін жаңылдыруға тырысқан.
«Мұхамеджан Тазабек дінімді өзгерттім, мен жаңылыппын деп видео жариялады. Сол видеода сіздің атыңыз айтылады. Бұған не айтасыз?» деген журналиске:
Ол видеода мен туралы нақты ештеңе айтпаған. Не айтқысы келгенін өзінен сұрау керек, - деп қысқа қайырды жауабын.