Halyq Uni логотип
×

Орталық Азияның саяси салмағы арта түсті – Тоқаев

Президенттің көлемді мақаласы жария болды

 Қымбат Елтайқызы 08.08.2024 | 12:05
Орталық Азияның саяси салмағы арта түсті – Тоқаев
фото: egemen.kz

Орталық Азияның саяси салмағы арта түсті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақаласында мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Орталық Азия плюс» форматындағы жаңа диалог орындарының пайда болуы Орталық Азияның халықаралық саясат субъектісі ретіндегі саяси салмағы арта түскенін аңғартады. Осыған дейін мұндай форматта 9 саммит және жоғары деңгейдегі кездесу өтті. Кейінгі екі жылда «ОА – РФ» (Астана), «ОА – ҚХР» (Сиань), «ОА – АҚШ» (Нью-Йорк), «ОА – ГФР» (Берлин) бірінші саммиттері, ОА және Еуропалық Одақ мемлекеттері басшыларының екі кездесуі (Астана, Шолпан-Ата), «ОА – ПШАМЫК» (Жидда) бірінші саммиті, сондай-ақ «ОА – Үндістан» саммиті (онлайн форматта) өткізілді. Биыл Астанада алғаш рет «ОА – Жапония» саммиті өтеді, – деді Тоқаев.

«Осы форматтағы өзара ықпалдас­тыққа басқа да елдер, халықаралық ұйым­дар қызығушылық танытып отыр­ғанын атап өткен жөн. Осылай­ша, өңірдің әлемдік арена субъектісі ретіндегі орнын бекітуге маңызды қадам жасалып жатыр», – деп толықтырды мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама