Тұрмыстық зорлық көрген Дана Нұржігіт 7 сот отырысының нәтижесін айтты
Он ай бойы өзін қорғаудан жалықпаған
Белгілі журналист Дана Нұржігіт Instagram-дағы парақшасында жеке өміріне қатысты тың жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл ретте ол сот барысындағы жағдайлар мен оның нәтижесі қандай шешімге алып келгенін баяндады.
«Қышқыл лимоннан тәтті лимонад шығара білуді өмір өзі үйретеді. Он ай бойы өзімді қорғап, тергеу, сот процестерінен өткен кезде азаматтық іс, қылмыстық іске байланысты құжаттарды зерттеп, сот отырыстарына, тергеушіге түсініктеме берерде алдын ала дайындалып баруым керек болды.
Басымнан өткен 7 сот отырысының өзі маған көп нәрсе үйретті. Істі жүргізу формасы, регламенті, құрылымы, түрлі форматы... Қазір осының бәрі менің Dana soz шеберханасындағы дәрістеріме керекті таптырмайтын материал болды. Лимон лимонадқа айналды деген – осы! - деп жазды әріптесіміз.