Halyq Uni логотип
×

Жоғарғы сот Назарбаевтың дүние-мүлкін қайтару туралы арызды қарады

Экс-президент жауапкершілікке тек мемлекетке опасыздық жасағанда ғана тартылады

 Халық үні 30.07.2024 | 20:02
Жоғарғы сот Назарбаевтың дүние-мүлкін қайтару туралы арызды қарады
фото: РИА Новости/Алексей Дружинин

Жоғарғы сот астаналық Қайыргелді Смағұловтың экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты мемлекеттің пайдасына активтер мен мүліктерді өндіріп алу туралы талап-арызын қарады. Ақыры Жоғарғы сот азаматтың бұл талабын құптаудан бас тартты. 

Қайыргелді Смағұлов өз талаптарында Нұрсұлтан Назарбаев президенттік қызметі кезінде адамзаттың қауіпсіздігіне қатер төндірген деген себеппен дүние-мүлкін қайтарту туралы арыз жазған болатын. Алайда «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңның 36-бабына сәйкес, экс-президент өз өкілеттіктерін іске асыру барысында жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылмайды, тек мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана тартылады делінген.

Сонымен, Жоғарғы сот Смағұловтың талап-арызын азаматтық сотта қарауға болмайды деп шешті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама