Маман баспалдақпен көтерілудің жүрекке қалай әсер ететінін айтты
Өйткені адам өз салмағын көтереді
Кардиолог әрі терапевт Андрей Кондрахин баспалдақпен көтерілудің денеге әсері туралы айтты.
Маман жаяу жүру жүрек-тамыр жүйесі мен бұлшықеттерді жаттықтыратынын алға тартып отыр. Дене белсенділігі кезінде қан жақсы айналады.
Дәрігердің айтуынша, баспалдақпен көтерілу денеге күш түсіреді, өйткені адам өз салмағын көтереді. Сондықтан ол лифттің орнына баспалдақты таңдауға кеңес берді.
Сонымен қатар Кондрахин жұмыс орнынан метроға дейін жаяу жүруді ұсынды. Бұл да денсаулыққа оң әсер етеді дейді, өйткені ол стресс деңгейін төмендетеді.