Қазақстан құрамасы ту ұстаушыларының суреті қызу талқыланып жатыр

Халық үні

Олимпиаданың ашылу салтанаты бүгін басталады

фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

2024 жылғы жазғы Олимпиаданың ашылу салтанатында боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова Қазақстан құрамасының туын алып жүретін болады. Қазір олардың үстіне киген киімдерін әлеуметтік желідегілер қызу талқылап жатыр.

Қазақстан азаматтарының көпшілігі спортшылардың киіміне оң баға берді.

Айта кетсек, Олимпиаданың ашылу салтанаты Астана уақыты бойынша сағат 22:25-те басталады.