Halyq Uni логотип
×

Әйелдерге кеңес: Күйеуіңізге қайта ғашық болу үшін 6 шартты орындаңыз

Негативті нәзіктікке айналдыра білуіңіз керек

 Халық үні 23.07.2024 | 06:56
Әйелдерге кеңес: Күйеуіңізге қайта ғашық болу үшін 6 шартты орындаңыз
фото: 4x4photo.ru

Уақыт өте келе ерлі-зайыптылар арасындағы сезім суи бастайды. Бұрынғы сезімді қайтару үшін қарым-қатынасты қайта бастау қажет.

Ол үшін:

  • Ашық сөйлесуді әдетке айналдырыңыз;
  • Ризашылық білдіріңіз;
  • Қамқорлық танытыңыз;
  • Бірге уақыт өткізіңіз;
  • Жаңа нәрселерді бірге үйреніңіз;
  • Ортақ мақсаттар қойыңыздар.

Ашық сөйлесуді әдетке айналдырыңыз

Күйеуіңізді сүймей кетудің әртүрлі себебі болуы мүмкін: сатқындық, эмоциялық немқұрайлылық, жанжалдар мен түсінбеушілік.

Күйеуге қайта ғашық болуға болады, – дейді философия ғылымдарының докторы, психолог және терапевт Патрис Ле Гой.

Мінезіңізді өзгертіңіз. Күйеуіңізге ренжудің немесе сезіміңізді жасырудың орнына, онымен ашық және шынайы сөйлесуді бастаңыз.

Әлеуметтік қызметкер, Healthy Life Recovery компаниясының негізін қалаушы Мишель Инглиш бұл тұрғыда мынандай кеңес береді:

  • Эмоцияларыңызды білдіріңіз;
  • Күйеу тарапынан сынап-мінеуден қорықпаңыз;
  • Сезімдеріңізді ашық айтыңыз.

«Ашық сөйлесу түсініспеушіліктерді жоюға және эмоциялық байланысты нығайтуға көмектеседі», - деп түсіндіреді Alpas Wellness компаниясының атқарушы директоры Маркус Смит.

Өз ойыңызды айтқаныңыз үшін өз-өзіңізге және күйеуіңіз сізге мін тақпауы керек, – дейді ол.

Ризашылық білдіріңіз

Жарыңыздың жағымсыз қасиеттеріне назар аудармаңыз, оны сынауды доғарыңыз. Мұның дұрыс емес екенін өзіңіз де түсінген боларсыз. Фокусыңызды өзгертіп, жарыңыздың сізге бақыт сыйлайтын қасиеттеріне назар аударыңыз, – деп кеңес береді Мишель Инглиш.

Ренжулі кезде күйеуіңіздің жақсы жақтарын көру қиын болуы мүмкін. Бірақ дәл осы сәтте сіз негативті нәзіктікке айналдыра білуіңіз керек. Қарым-қатынас терапевті, The Marriage Restoration Project негізін қалаушы Шломо Слаткиннің айтуынша, күйеуіңізге оның бойындағы қадір-қасиетін бағалайтыныңызды неғұрлым көбірек көрсетсеңіз, соғұрлым оның бойындағы жақсы қасиеттерді көбірек көре бастайсыз. Жұбайыңыз өзін бағалайтыныңызды түсінсе, реніші азаяды. Бұл – жақсы мінез-құлықты нығайтудың тамаша тәсілі. Бір ғана ризашылық білдіру қарым-қатынаста оң энергияның тізбекті реакциясын тудыруы мүмкін. Жақсы нәрселеріне риза болыңыз, мақтау айтыңыз, сонда сіз күйеуіңіздің соған лайық жан екенін байқай бастайсыз.

Қамқорлық танытыңыз

Қарым-қатынасты қалпына келтіру ерлі-зайыптылар үшін жаңа бастаманы білдіреді, деп түсіндіреді NUR.KZ тілшісіне берген эксклюзивті пікірінде кәсіби кеңесші Майкл Андерсон.

Бұл жағымсыз циклдардан шығуға және бір-бірімен қарым-қатынас құрудың жаңа тәсілдерін жасауға мүмкіндік береді. Неке оты сөнгенін сезсеңіз де күйеуіңізге қамқорлық жасау арқылы оған деген сүйіспеншілігіңізді арттырыңыз. Осылайша, сіздің оған деген сүйіспеншілігіңіз артады, – деп кеңес береді Шломо Слаткин.

«Күйеуіңізге не ұнайтынын еске түсіріп, соны қолға алыңыз. Оның сүйікті кешкі асын дайындаңыз, сүйікті спорт командасының ойынына билет сатып әперіңіз. Онымен махаббат тілінде сөйлесіңіз» деп жазды Гари Чепмен өзінің «Махаббаттың бес тілі» кітабында. Сыйлық алған кезде өзіңізді сүйікті сезінетін шығарсыз? Ал күйеуіңіз оны құшақтаған кезде өзінің сүйікті екенін сезінеді. Осы кеңесті қолданып көріңіз.

Бірге уақыт өткізіңіз

«Гормондар да сезімге әсер етеді: сіздің миыңыз бен денеңіз жылдар бойғы адреналин мен «көбелектерге» төтеп бере алмайды» деп жазды Women’s health журналының авторы Марисса Гейнсберг. Бірақ ғашықтық сезімін қайта оятуға болады, бұл аздап күш салуды қажет етеді.

«Егер жұмыстан қолыңыз тимесе, күйеуіңізбен қарым-қатынасты жаңғыртуға қызығушылық танытпасаңыз, бірге уақыт өткізуге уақыт табу қиынға соғады» деп жазды Шломо Слаткин.

  • Серпіліп, көңіл көтеру үшін уақытты алдын ала жоспарлаңыз;
  • Аптасына бір рет уақыт бөліңіз. Осылайша, сіз өзіңіздің қарым-қатынасыңызға адал екеніңізді танытасыз;
  • Күйеуіңізді романтикалық кездесуге мейрамханаға, саябақта серуендеуге немесе өзен жағасына көкке шығуға шақырыңыз. Бұл сізге осы адамға ғашық болған тамаша сәттерді қайта бастан кешіруге мүмкіндік береді.

Бірге сапалы уақыт өткізіңіз және екеуіңізге ұнайтын нәрселермен айналысыңыз, – деп кеңес береді Маркус Смит.

Бұл сәттер арадағы сезімді нығайтады.

Жаңа нәрселерді бірге үйреніңіздер

Қарым-қатынасты қайта бастаған кезде сіз бірінші қадамға оралмай, жаңа бағытта алға қадам жасайсыз, – деп түсіндіреді философия ғылымдарының докторы, Villa Oasis клиникасының директоры Мишель Бопре.

Әр адам уақыт өте келе өзгереді және өседі, сондықтан күйеуіңізді тануға күш салыңыз. Егер сіз оның бұған дейінгі таным-түсінігі деңгейінде қабылдап және оның қазіргі көзқарасын қабылдамасаңыз, бұл оған және өзіңізге жасалған әділетсіздік болады. Бір-біріңіздегі өзгерістерді байқап жүрудің ең жақсы жолы – жаңа нәрселерді бірге үйрену. Сүйіктіңіздің жаңа ісіне қызығушылық танытыңыз және оған осы бағытта қолдау көрсетіңіз.

Қарым-қатынасты қалпына келтірудің сенімді жолы – бірге жартылай марафонға дайындалу немесе жаңа нәрсені бірге көру, – дейді неке терапевті және Divorce busting кітабының авторы Мишель Вайнер-Дэвис.

Бұл әрқайсыңызға бір-біріңізді жігерлендіріп, бір-біріңізді қолдауға мүмкіндік береді.

Ортақ мақсаттар қойыңыздар

Екі адамның бірігуінің негізі – ортақ мақсат. Отбасы жаңадан құрылып жатқанда, ерлі-зайыптылардың саяхаттау, үй, көлік сатып алу, балалы болу деген сияқты көптеген жоспары болады. Бірақ олар бір-бірінен алыстаған кезде ортақ мақсаттар жоғалады. Мишель Вайнер-Дэвистің пікірінше, ортақ мақсатқа жету бірігу сезімін тудырады.

Қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін бірге ортақ жоспарлар жасау маңызды, – дейді Мишель Инглиш.

Болашақта бірге табысқа жетуді жоспарлаңыз: бірге қол жеткізгіңіз келетін нәрсені талқылаңыз. Мысалы, саяхат немесе жеке даму мақсаттары. Бұрынғы бірлескен міндеттерге оралыңыз, егер олар қарым-қатынастағы келіспеушіліктерге байланысты орындалмай қалса, жалпы мансап жолындағы мақсаттарға жету үшін күйеуіңізді жаңа жоспарларға қосыңыз. Айтпақшы, сіздің бірінші ортақ мақсатыңыз қарым-қатынасты қайта бастау болуы керек, өйткені бұл біржақты ойын емес. Отбасыңызға бақытты сәттерді қайтарғыңыз келетінін оған ашық айтуыңыз керек, бұл тұрғыда күйеуіңіз де сізді қолдауға тиіс.

Қол ұстасып, құшақтаңыз, жиі бір-біріңізді сүйіңіздер және күнделікті физикалық жақын болуға тырысыңыз. Бұл қадамдар күйеуіңізді сізге қайта ғашық етуге көмектеседі. Отбасылық терапевтке бару да сіздің қарым-қатынасыңыздың сапасын жақсартуға көмектеседі. Ең бастысы, қандай қадам болса да екеауара келісім арқылы жасалуы керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама