×

«Қазақтар да доп тебе алады екен»: Словакияның ойыншысы жеңілістің себебін айтты

Қазақстан лайықты түрде жеңген

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2022 | 18:00
фото: prosports.kz

Словакия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Юрай Куцка Ұлттар лигасында Қазақстан командасынан жеңілістің себебін түсіндіріп берді.

Бұл туралы Словакияның sport.aktuality.sk порталы хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстан жақсы ойнап, Словакияны лайықты түрде жеңген.

Біз жеңіліске лайық болдық. Бірақ, енді осы жеңілісті ойдан шығарып тастау керек. Еңсемізді көтеріп, келесі ойынға дайындаламыз. Бұл - футбол. Қазақтар да футбол ойнай алады.  Доп тебе алады екен. Ал біз кез келген қарсыласты жеңе алатындай әлем чемпионы емеспіз. Бізді мықты команда деп айта алмаймын.

Алда әлі ойындар бар. Бәрі өзгереді. Біз алаңда жеңіске жетуге тырысып жатырмыз. Гол соғатын сәттеріміз көп. Алайда, қарсыластар да осал емес. Кейде жанкүйер бізді тек қақпашыға қарсы ойнайды деп ойлайды. Әрине, олай емес. Алаңның әрбір жерінде айқас болып жатады. Енді алдағы ойында қателіктерді түзеп, дұрыс нәтижеге жеткізуіміз керек, - деді Куцка. 

Қазақстан мен Словакияның ойыны 1:0 есебімен аяқталған болатын. Осы матчтан кейін отандастарымыз «С» лигасындағы өз тобында бірінші орынға жайғасты. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін

25 мамырда оқушылардың бір тобы Оқу-ағарту министрлігінің рұқсатынсыз Қырымға барған еді
06.06.2023 | 16:55

Қостанай облысында жол апатынан ер адам мен баласы қаза тапты (ВИДЕО)

Тағы 3 жолаушы ауруханаға жатқызылды
06.06.2023 | 16:48

Әскери мектептегі әлімжеттік: Қорғаныс министрлігі түсінік берді (ВИДЕО)

Ведомство мамандары бейнежазбаны тексерген
06.06.2023 | 16:35