Павел Дуров Қазақстанға сапарынан кейін жазба жариялады
Елімізде Telegram қолданушылары саны 25 пайызға артқан
«ВКонтакте» әлеуметтік желісі және Telegram мессенджері негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға сапары туралы жазды. Ол Астана мен Алматыда болғанын, оның ішінде Шарын шатқалы мен Бурабайды аралағанын айтты.
Қазақстанның сұлулығымен тек оның амбициясы ғана бәсекелесе алады. Ел бизнеске қолайлы саясаты және жеңілдетілген салық арқылы халықаралық компаниялар мен технологиялық стартаптарды тартады. Сондай-ақ ғылым және білім беру саласын инновациялық мектептер мен оқу орындарын қолдау арқылы өз ұстанымын нығайтып жатыр, - деп жазды Дуров.
Ол сондай-ақ Қазақстанда 20 млн халықтың 12,5 миллионы Telegram қолданатынын айтты. Бұл былтырмен салыстырғанда 25%-ға жоғары.