×

Алтынсарин Ресейдің Статский советнигі, генерал от инфатерии болған – ғалым (ВИДЕО)

Қазақтың әдеби тілінің тарихында Абай мен Ыбырай Алтынсарин қатар айтылуы керек

 Еркеғали Болатұлы 07.06.2022 | 15:09
коллаж: Halyq Uni

Филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов журналист Абылай Маудановқа берген сұхбатында ағартушы ұстаз Ыбырай Алинсаринге қатысты бұрын-соңды айтылмаған бір деректі алға тартты.

«Ыбырай Алтынсарин Торғай уезінде мектеп, қыздар училищесін ашып, оларды өндіріспен байланыстырды. Ол кісінің физика, химия кабинеттерінде 19-ғасырдың бүкіл құрал-жабдығы болған. Сосын ол кісінің ұлы еңбегі – 1979 жылы шыққан «Қазақ христоматиясы» мен 1884 жылы «Қалам» баспасынан шыққан «Мұсылманшылық тұтқасы». Абайдың 38-қара сөзімен төркіндес «Мұсылманшылық тұтқасы» әлі күнге дейін ғылыми айналымға түскен жоқ» - деді Серік Негимов.

Айтуынша, қазақтың әдеби тілінің тарихында Абай мен Ыбырай Алтынсарин қатар айтылуы керек. Сондай-ақ ол Ыбырай Алтынсариннің тек мектеп ашып, ұстаздық қана етпей, Ресей императорлық армиясының жаяу әскер генералы (генерал от инфантерии) шенін иеленгенін, тіпті империяның мемлекеттік хатшысы да болғанын атап өтті.

1888 жылдың 1 мамыры күні Ресейдің Статский советнигі болды. Ол мемлекеттік хатшы деген сөз. Сондай-ақ генерал от инфатерии дәрежесін берді. Кейбір тарихшылардың еңбегінде бар.

Қазақ мектептерін ашып, қазақ тілін оқытуда Ресей шенеуніктерін көндіре білді. Дипломатиялық жолмен миссионерлердің тілін тапты. 1870-1874 жылдары өз даласының қазиы – судьясы болып жұмыс істеген», - деп тың деректерді ай, жылымен еркін «сөйлетті» ғалым.

Алайда Арқалық қаласы музейінің ғылыми қызметкері Батырлан Сағынтаев бұл пікірге қатысты өз уәжін айтып отыр.

Ыбырай генерал от инфантерии дегені шындыққа жанаспайды-ау? Қазақтан шыққан инфантерия генералы Жәңгірдің ұлы Ғұбайдолла ғана болар.

ХІХ ғасырда қазақтан әскери шен алғандардың көбі Исатайдың, Кенесарының, т.б. көтерілістерді басуға қатысқаны үшін марапатталған. Тек осы Ғұбайдолла ғана қазаққа қиянат қылмай, адал еңбегімен алды», - дейді ол.

Ал бұл тақырыпты Серік Негимовпен қысқаша видеосұхбат жүргізген Абылай Маудановтың Батырлан Сағынтаевқа берген жауабымен түйіндесек, «ғалымдар анықтайды, біздікі ортаға салу».

Серіктес жаңалықтары

Сараптама