×

Ресейдің оқу орындары Болон процесінен алынып тасталды

Енді РФ-ның ғылымы мен білімі мойындалмайды

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2022 | 15:00
фото: czstudents.ru

Ресейдің барлық жоғары оқу орындарын Болон процесінен алынып тасталды. Бұл туралы РФ Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дмитрий Афанасьев Федерация кеңесінің ғылым, білім және мәдениет жөніндегі кеңейтілген отырысында айтты.

Оның айтуынша, 11 сәуірде Болон тобы барлық құрылымдардан Ресей мен Беларусьтің өкілдігін тоқтату туралы шешімін жариялады.

Болон тобы Ресей ректорлар одағының «Арнайы операцияға» байланысты президентті қолдау туралы үндеуіне қол қойғанын ескере отырып, еліміздің барлық білім беру ұйымдарын Болон процесінен шығарды, - деп атап өтті ол.

Бұл нені білдіретініне келсек, енді Ресейдің ғылымы мен білімі мойындалмайды. Бұл Ресей білімі мен ғылымы бұдан былай дүниежүзілік деңгейде танылмайды деген сөз. Нақтырақ айтқанда, биылдан бастап Ресейдің жоғары оқу орындары әлемдік рейтингіне кірмейді. Ресей ғалымдары Scopus және Web of Science ғылыми базасына кіретін ғаламдық журналдарда мақала шығара алмайды. Тиісінше, олардың ғалымдары дүниежүзінің өзге университеттерімен байланыс жасап, дәріс оқи алмайды, шетелге шыға алмайды. Ресейдің оқу орындарының түлектері Ресейден басқа өзге елде жұмысқа тұра алмайды деген сөз.

Бүгінде Ресей оқу орындарында 60 мыңға жуық қазақстандық студент оқиды. Енді олардың жағдайының қалай болатынын уақыт көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама