Қазір Түркия ұйымға бақылаушы ретінде қатысып жатыр
Президент Режеп Тайип Ердоған Түкрияның ШЫҰ-ға бақылаушы емес, тұрақты мүшесі болғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушы мүшесі ретінде емес, біздің мақсатымыз сол жерде тұрақты мүше болу. Біз қазірдің өзінде бақылаушы мемлекетпіз. Түркия енді Шанхай бестігіне тұрақты мүше ретінде қосылуы керек. Мұны Путин мырзамен және Си Цзиньпин бменөлек талқыладым. Қазақстан президентімен кездесіп, осы мәселе бойынша барлық тұрақты мүшелерден қолдау сұрадым, - деді ол НАТО мүше мемлекеттері басшыларының саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында.
Түркия басшысының бұл мәлімдемесінTRT Haber арнасы трансляциялады.
Еске салсақ, өткен аптада Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтті. Саммитке Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, Түркия және Түрікменстанның мемлекет және үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның сыртқы істер министрі, ШЫҰ бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының атқарушы директоры қатысты. Сондай-ақ ауқымды іс-шараға БҰҰ бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары арнайы келді.
Саммитте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтті. Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Астана декларациясы, 20 шешім, мемлекет басшыларының 3 мәлімдемесі, оның ішінде «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы», «ШЫҰ-ны жетілдіру туралы» бастамасы қабылданды. Сондай-ақ Беларусьті ШЫҰ мүшелігіне қабылдау рәсімін аяқтау және ұйымға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы тарихи шешім қабылданды. Түркия бұл саммитке бақылаушы мемлекет ретінде қатысқан болатын.