Ерлі-зайыптының бірі қарызға батса, ортақ мүлік қалай есептеледі – заңгер жауабы
Заңгер Нұржан Әбдікәрімовтің айтуынша, қарыз несие алған адамның жеке мүлкі есебінен ғана өндіріледі
Ерлі-зайыптының бірі қарызға батса, қарызды борышкердің өзі төлейді. Екінші тараптың мүлкіне ешкім қол сұға алмайды. Бұл туралы «Әділетті қоғам» бағдарламасына берген сұқбатында заңгер Нұржан Әбдікәрімов айтты.
Маманның айтуынша, қарыз несие алған адамның жеке мүлкі есебінен ғана өндіріледі.
Неке және отбасы туралы кодекс бар. Некеде тұрған азамат пен азаматшаның, ерлі-зайыптының ортақ мүлкіне қатысты белгілі бір режимді бекіткен. Ол күнделікті айтылып жүрген 50%. Қандай жағдайда, қандай қаражатқа алынғанына қарамастан, мүлікте екі азаматтың да үлесі болады. Екеуінің бірі қарыз алып, оны төлемеген жағдайда сот орындаушысы не істейді? Бұл жағдайда қарыз алған адамның үлесін, оған тиесілі мүлікті анықтайды, – деді заңгер Нұржан Әбдіркәрімов.
Сондай-ақ «Халық үні» YouTube каналындағы видеоға пікір қалдырып, азаматтар істер бойынша сұрақтарыңызды жолдасаңыздар болады. Ол сұрақтарға заңгерлер мен сарапшылар тікелей эфирде жауап бере алады.