×

«Түркістан туралы заңды қала тұрғындары білмейді»: депутат Абзал Құспанмен сұқбат

Депутат елімізде жылына 300-ден аса заң қабылданатынын айтты

 Ербол Тұрымбет 27.06.2024 | 15:02

Елімізде заңдар өте тез қабылданады. Депутат Абзал Құспан бұл мәселені Мәжілісте көтергелі жатыр. Бұл туралы депутат Halyq Uni YouTube арнасына берген сұқбатында айтты.

Орта Азия елдерінің заңдарын қарап, Моңғолияның жекелеген салаларындағы заңдарын аудартып, танысып жатырмын. Әзербайжан сынды елдерге барған кезде олардағы заң шығару процесіне қызығушылық танытып жүрмін. Тіпті, Беларусь өкілдерімен кездескен кезде «сіздерде заң шығару процесі қанша уақыт алады?» деп сұрадым. Біздікіне қарағанда әлдеқайда көп уақыт алады екен, - дейді депутат.

Оның айтуынша, елімізде жылына 300-дің үстінде заң қабылданады. Бәрі бірдей жаңа заң емес, арасында өзгертулер мен толықтырулар бар.

Абзал Құспан қылмыстық заңнаманы өз жауапкершілігіне алған. Қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару деген үш кодекс бір заң жобасымен түскен. Құспан қазір сол жұмыс тобының жетекшісі.

Қарапайым мысал келтірсем, «Түркістан қаласының мәртебесі» туралы заң Мәжіліске түсер алдында түркістандықтармен кездесейік деп өзіміз бастама көтердік. Бәріміз Түркістан қаласына бардық. Жергілікті ақсақалдар, басқа да белсенді қоғам өкілдері бар. Талқыға салған кезде, ол кісілер білмейтін болып шықты. Былай қарасаңыз, Түркістан үшін заң жазылып жатыр, ал ондағы белсенді топ ондай заң жазылып жатқанынан хабардар емес, - дейді ол.

Депутаттың сөзінше, жұрт әуелі депутаттар осылай істеп жатыр екен деп қатты ренжіген. Бірақ артынша кінәсі жоқ екенін, керісінше толықтырып жатқандарын түсініп, алғыстарын жаудырып, батасын берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама