Halyq Uni логотип
×

Бишімбаевтың адвокаты экс-министрдің туыстарынан 100 млн теңге алған әйел туралы айтты

Ерлан Ғазымжанов тергеу барысында істің артында тұрғандардың да ұсталатынына сенім білдірді

 Айгерім Таубай 26.06.2024 | 11:20
Бишімбаевтың адвокаты экс-министрдің туыстарынан 100 млн теңге алған әйел туралы айтты
Фото: Halyq Uni / Жансерік Күзембай

Қуандық Бишібаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов экс-министрдің отбасынан 100 млн теңге сұраған әйел туралы айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Адвокаттың айтуынша, әйелге 100 млн теңге жалған ақша берілген. Ол сол сәтте ұсталған.

Ол алқабилердің атынан келіп тұрғанын, қалалық сотпен байланысы бар екенін, апелляцияға қатысты сұрақтарды шеше алатынын айтқан. Өзін осы істі шеше алатын маңызды адамдар жібергенін айтқан. Бұл ойдан шығарылған жағдай болуы да мүмкін, шын болуы да мүмкін. Оны тергеу көрсетеді, - дейді Ғазымжанов.

Адвокат әйелдің ұсталғанын, тергеу барысында оның артында тұрғандардың да ұсталанатынына сенім білдірді.

Бишімбаевтар дұрыс істеді. Бірден арыз жазды... Ол әйел Бишімбаевтардың үйіне барған. Хат жазып, хабарласқан екен, бірақ барлық жерден бұғаттап отырған. Содан кейін барып үйіне іздеп барған, - дейді адвокат.

26 маусымда Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі апелляция сатысында қаралып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге «тырысқан» астаналық әйел қамауға алынғаны хабарланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, астаналық әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша жүргізіліп отыр.

Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңге иемдену бойынша күдікке ілінді. Сонымен қатар күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексеріліп жатыр, - деп хабарлады агенттік.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынып, оған қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама