Halyq Uni логотип
×

Әлемнің үздік теннисшілері Олимпиадаға қатысудан бас тартып жатыр

Менің ішкі түйсігім кортқа шыға алмайсың дейді, - деді Онс Жабер

 Дастан Жұмабекұлы 19.06.2024 | 16:27
Әлемнің үздік теннисшілері Олимпиадаға қатысудан бас тартып жатыр
Фото: Matt Rourke

Әлемнің 10-ракеткасы, тегі Тунистен шыққан франциялық теннисші Онс Жабер өз елінде болатын Олимпиялық ойындарға қатысудан бас тартты. Сонымен бірге Олимпиадаға Беларусьтің өкілі Арина Соболенко мен Ұлыбританияның спортшысы Эмма Радукану да қатыспайтынын айтты.

Онс Жабер Олимпиадаға қатысты ойын әлеуметтік желіде түсіндіруге тырысты.

Құрметті жанкүйерлер! Мен медициналық тобыммен кеңесе келе, Париж Олимпиадасына қатыспау туралы шешім қабылдадым. Қазір менің жарақатым тіземе батып тұр. Тізем сырқырайды. Өкініштісі сол, Олимпиялық ойындарға қатыса алмаймын. Өздеріңіз жақсы білесіздер, мен әрқашан өз елімнің атынан кез келген жарысқа қатысқанды ұнатамын. Бірақ ішкі түйсігім Олимпиадаға қатыса алмайсың дейді. Оның үстіне дәрігерлер де талап қойып отыр. Сондықтан бәріңізден кешірім сұрай отырып, командаластарыма ойындарда сәттілік тілеймін! Мен трибунада отырып, жанкүйер боламын, – деді ол.

Олимпиялық ойындардағы теннис турнирі 26 шілде мен 11 тамыз аралығында «Ролан Гаррос» жерасты корттарында өтеді.

Дәл осы себеппен АҚШ-тың 2021 жылғы чемпионы Эмма Радукану да ойынға қатысудан бас тартты. Әлемнің 3-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко да жоғарыда айтқанымыздай, Олимпиадаға бармайды.

Ал Қазақстан атынан Олимпиадаға Елена Рыбакина, Юлия Путинцева мен Александр Бублик қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама