Halyq Uni логотип
×

Желіге дәлелсіз пікір жазған қазақстандықтар сотқа шақырылады

Жала құрбаны өзінің ар-намысы мен абыройын қорғай алады

 Еркеғали Болатұлы 18.06.2024 | 14:24
Желіге дәлелсіз пікір жазған қазақстандықтар сотқа шақырылады
фото: Halyq Uni

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Фемида» қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы» қоғамдық ұйымының заңгері Лера Абдулхаирова еш дәлелсіз жағымсыз пікір жазған қазақстандықтарға сотқа шақырту жіберілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Заңгер сұлулық салонында қасын жасатамын деп күйік шалған қыздың оқиғасын мысалға келтірді. 2GIS-те жағымсыз пікір қалдырған оны салондағы мамандар ар-намысты қорғау туралы сотқа шағым түсіреміз деп қорқытқан.

Заңгердің айтуынша, салон қызметкерлері қызға өздерінің шағымдануға хақысы бар екенін ескерткен.

Интернетте пікір қалдырмас бұрын шынымен сот-медициналық сараптамадан өтуіңіз керек. Сот шешімінен кейін ғана шынымен косметологиялық орталықта күйіп қалғаныңыз, яғни жүргізілген сапасыз процедура фактісі болса ғана пікір қалдыра аласыз. Әйтпесе қызмет көрсететін адам өзінің іскерлік беделі, ар-намысы мен абыройын қорғауы үшін сотқа жүгінуі мүмкін, – деп нақтылады Лера Абдулхаирова.

Еске сала кетсек, бұған дейін алматылық жануарлар құқығын қорғаушы Айгүл Хакимова әлеуметтік желіде ер адамның суретін жариялап, итпен жыныстық қатынасқа түсті деп жала жапқаны үшін сотталған болатын. Жала жабылған ер адам Хакимованы сотқа берді. Алайда Хакимова сот үкімімен келіспейді. Әйел TikTok желісінде судьяны әділетсіз шешім шығарды деп айыптап, өзіне үлкен айыппұл салынғанын айтып, видео жариялаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама