Halyq Uni логотип
×

Таулы Қарабақ. Пашинянның мәлімдемесі. Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы нені білдіреді?

Саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева Армения премьерінің мәлімдемесіне пікірін айтты

 Ая Өміртай 14.06.2024 | 16:08
Таулы Қарабақ. Пашинянның мәлімдемесі. Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы нені білдіреді?
коллаж: Halyq Uni

Армения премьер-министрі Никол Пашинян ел парламентінде өткен жиында Ереван Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) құрамынан шығатынын айтты.

Парламентте сөйлеген сөзінде Никол Пашинян ҰҚШҰ құрамына қосылған елдің бұрынғы билігін айыптады әрі Әзербайжан Қарабақ мәселесін әскери жолмен шешуге кіріспейді деп сенетіндігін атады. Сондай-ақ Никол Пашинян қазір Арменияның келешегіне қауіп төніп тұрғанын айтты.

Бұған көпіршік-альянсты құрғандар кінәлі, оның мүшелері шарттағы міндеттемелерін орындамады, Әзербайжанмен бірігіп, бізге қарсы соғыс жоспарлады, - деді Пашинян.  

Қазақстандық сарапшылардың айтуынша, бұл жерде Армения билігі Ресейдің ұстанымына қарсы шығып отыр деуге келмейді. Екі тараптың күрделене түскен қарым-қатынасына қандай да бір ішкі келіссөздер себеп болған болуы мүмкін деген пікірде.

ЖАҒДАЙ НЕГЕ КҮРДЕЛЕНДІ?

Саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева Армения парламенті халықаралық қылмыстық соттың шешімімен келісілген ережелерді ратификациялайтынын жариялағаннан кейін жағдай күрделене бастағанын айтады.

2023 жылы Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді, сондай-ақ балалар істері жөніндегі комиссары Мария Львова-Белованы қамауға алуға халықаралық ордер берген.

«Армения Владимир Путинді тұтқындауға ордер берген Халықаралық қылмыстық соттың жарғысын ратификациялап, Ресей сыртқы істер министрлігі наразылық білдіргені есімізде. Осыдан кейін, яғни Армения билігі бұған ешқандай реакция танытқан жоқ. Бұдан кейін Армения – Әзербайжан арасындағы қақтығыс басталды. ҰҚШҰ-ға мүше кейбір елдер Әзербайжанды қолдап, құттықтады. Ал Армения Таулы Қарабақтан айырылды. Бұл жағдайды қиындата түсті деп ойлаймын. Одан кейін осындай дипломатиялық қадамға барған Армения ҰҚШҰ-ға мүшелік қызметін тоқтатып жатқанын жариялаған қадамдарға жалғасты. Мұны ҰҚШҰ осы қақтығыста Армения жағында болуы керектігімен түсіндіреді. Бірақ Армения ҰҚШҰ мүшесі ретінде ұйымнан ешқандай қолдау, көмек көрген жоқ», - дейді саясаттанушы Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында.

Сарапшының пайымдауынша, Ресейден де, ҰҚШҰ құрамындағы басқа елдерден де салмақты жауап болмағандықтан, Армения ҰҚШҰ-дан шығу туралы шешім қабылдады.

Бұл қаншалықты оңай болатынын білмеймін. Осыдан кейін бұл жерде ең үлкен тосқауыл халықаралық қылмыстық соттың осы ережелерін ратификациялау болып отыр. Яғни, Армения Путинді тұтқындауы керек. Меніңше, дәл осы жағдай Армения мен Ресей арасындағы қарым-қатынаста және қоғамдық кеңістікте болып жатқан дүниелерге кедергі болып тұрғандай, - дейді сарапшы.

Дегенмен, Армения премьер-министрі Никол Пашинян The Daily Telegraph басылымына берген сұхбатында Ресей президентінің ықтимал қамауға алынуы туралы сұраққа жауап бере отырып, бұл оның құзыретіне жатпайтынын айтқан. Ол ешқандай кепілдік туралы айтқан жоқ.

«РЕСЕЙДІҢ ӘСКЕРИ БАЗАСЫ ДА ШЫҒАРЫЛУЫ МҮМКІН»

Ал Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты Кавказ проблемалары орталығының аға ғылыми қызметкері Николай Силаевтың айтуынша, Ереван ҰҚШҰ құрамынан шықса, Ресейдің Гүмрідегі әскери базасы да шығарылуы мүмкін.

База Кавказ республикасының территориясында екіжақты ресей-армян шарты аясында орналасқанымен, оның тағдыры шешіледі. Пашинян ЕуроОдақпен достық Армения қауіпсіздігінің жаңа кепілі болуы мүмкін деп санайды, дейді сарапшы баспасөзге берген сұқбатында.

Сонымен қатар мәскеулік саясаттанушы Артур Атаев Арменияның ҰҚШҰ құрамынан біржола шығатынына күмән білдірді. Сарапшы Армения премьерінің соңғы мәлімдемесі негізінен батыс элитасына бағытталғанын атады.

Бұған дейін республика көпвекторлы сыртқы саяси доктринаны ұстанды. Қазір ел бір векторлы дамуға тез көшті. Бірақ бұл үрдіс сақталуы керек. Пашинян Вашингтонның армяншыл болғанын қалайды. Тағы бір жайт, қазір америкалықтар да, француздар да Кавказға қызығушылық танытпайды, - деп түсіндірді сарапшы.

Биыл мамырда Армения билігі ұйымға қаржы қоспайтынын мәлімдегеннен кейін, бір жылдан бері Армения ҰҚШҰ-ның жоғары лауазымды басшыларының жиындарына, әскери жаттығулар мен басқа да ортақ шараларына қатысқан жоқ. Сарапшы атап өткендей, ұйымға мүше елдер Ереван ұстанымына маңыз бермегенімен, Армения ұйым құрамынан шығады деген пікірді Пашинян бұдан бұрын да бірнеше мәрте айтқан.

«ҚАЗАҚСТАН ӘЗІРГЕ ҰҚШҰ-дан ШЫҒУҒА НИЕТТІ ЕМЕС»

Ал Қазақстанның Үкімет мүшелері журналистерге «ҰҚШҰ Қазақстанның мүддесіне жұмыс істейтінін», Астана «ҰҚШҰ құрамында өзгеріс енгізуді қарастырмайтынын» мәлімдеген. Тоқаевтың өзі Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен сессиясында ұйымға мүше елдердің бірлескен күш-жігерінің арқасында ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайту және оны одан әрі дамыту үшін кешенді жұмыстар жалғаса беретініне сенім білдірген.

«Енді мұндай көңіл-күймен Армениядан басқа ҰҚШҰ-дан шығатындар жоқ. Қазақстан ҰҚШҰ құрамынан шығуға әлі ниетті емес. Бірақ Ресейдің ұстанымын қолдауға қатысты посткеңестік елдерде не болып жатқаны туралы айтатын болсақ, Армения мен Ресейдің Украинадағы қақтығысқа байланысты күрделі қарым-қатынасы бар. Армения Украинаны қолдады және Ресейдің ұстанымына қарсы болды деп айтуға болмайды. Меніңше, ішкі келіссөздер болған сияқты. Посткеңестік елдер арасынан Молдова Ресейге қарсы өз ұстанымын ашық айтты. Бастапқыда Украина сияқты болған Молдова Ресейден алшақтауға барынша тырысты. Қазір біз Молдовада не болып жатқанын білеміз және Ресейді қолдайтын оппозициялық партия Ресейге оралғысы келеді. Олар қазір Молдовада митинг пен шерулер ұйымдастырып жатыр. ЕуроОдақ Молдованы қатты қолдайды. Ал Молдова өзін ЕуроОдаққа үміткер ел ретінде жариялап үлгерді. Сондықтан Молдова, қазіргі Армениядан басқа ұстанымын ашық жарияланған өзге елдер жоқ», - деп түсіндірді саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева.

Айта кетелік, ҰҚШҰ 1992 жылдың 15 мамырында ТМД-ға мүше-мемлекеттер қол қойған ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың негізінде құрылды. Келісімнің мерзімін өздігінен 5 жыл өткен сайын ұзартып отыру қарастырылған. Алайда Әзірбайжан, Грузия және Өзбекстан келісімнің мерзімін ұзартпады.

2006 жылы ұйымға қайта мүше болған Өзбекстан 2012 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан түбегейлі шықты. Осыдан соң ұйым тарап кетуі мүмкін деген болжам Армения мен Қазақстанға қатысты айтылып келген.

Бүгінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше алты мемлекет бар: Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Тәжікстан. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама